Алматы қаласында 168 отбасы баспаналы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында 168 отбасы баспаналы болды

Алматы қаласында 168 отбасы баспаналы болды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үй кезегінде тұрған 168 отбасына Атлеттер аулынан жаңа пәтерлер кілттерін табыс етті, олардың арасында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекет және бюджет қызметкерлері, әскерилер бар, деп хабарлайды Baq.kz.

  • 16 Маусым 2017
  • 377
Фото - Caravan.kz

Алматыда соңғы 5 жыл ішінде 10 мыңдаған пәтер үлестірілді. 2017 жылдың аяғына дейін қосымша тағы да 4,5 мың пәтер берілетін болады, осылайша кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы өз пәтерін алады.

Атлеттер ауылында қазіргі кезде 1748 пәтер бар, Тұрғын үй басқармасы тұрғын үй комиссиясының сүзгісінен өткен 1655 пәтер иелерінің тізімін жіберді. Жалға беріліп, кейін сатып алатын 900 пәтер иелерімен келісім жасалды.

Қазіргі кезде қалада тұрғындарға пәтер бөлу шешімдерінің барынша ашық жүруі үшін қажетті шаралардың барлығы жасалуда. Пәтер кезегіне тұру, оның жылжуы тек электронды режимде Электронды үкімет порталында жүзеге асады. Сонымен қатар, алғаш рет кезектің электронды инвентаризациясы енгізілген, яғни кезекте тұрғандар жыл сайын Тұрғын үй басқармасына келмей — ақ дистанциялық жүйе арқылы өзіне қатысты мәліметті біледі. Тағы бір жаңалық, СМС- хабарлар арқылы да қажетті мәліметті алуға болады. Бұлардан өзге, адами факторсыз, кезекте тұрғандар арасында автономды кесте арқылы пәтер бөлу механизмі де жыл аяғына дейін енгізіледі. Оның үстіне Атлеттер ауылындағы пәтерден үміткерлер тізімі Алматы қаласының прокуратурасымен келісілген.

Алматы әкімі Атлеттер ауылы маңындағы тұрғындарға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін емханада, «Nomads» атты қазақ мәзірі бойынша ас дайындайтын мейрамханада болды.

Атлеттер ауылының кешені 23 гектар аумақты алып жатыр, мұнда 14 тұрғын үй бар. Оның айналасы заманауи видебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігімен толық қамтылған.


Мұнда ХҚКО, емхана, супермаркет, фитнес-орталық, сұлулық салоны, банк және пошта бөлімшесі, полицияның тірек пункті жұмыс істейді. Кешен тұрғындары үшін олардың өз қалаулары бойынша әйелдер клубы, балалардың даму орталығы, көңіл көтеру орталықтары ашылады. Бүгінгі күні Атлеттер ауылының жаңа қоныстанушылары үшін «Алматы арена» спорт кешенінің секцияларында ерекше жағдайлар жасалған.

Атап өтерлік жайт, Алатау ауданы Алматы тұрғындары мен қонақтары қызығатын заманауи елді мекенге айналды. Аудан құрылғалы бері мұндағы тұрғындар саны 1,5 есеге артып, 200 мың адамға жетті. Сегіз жыл ішінде ауданды дамытуға қала бюджетінен 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның арқасында халықаралық деңгейдегі «Алматы арена» спорт нысаны, әкімдік, сот, прокуратура, салық, арнайы ХҚКО, АІІД ғимараттары, заманауи мәдени нысандар, мектептер, бала бақшалар, емханалар мен ауруханалар іске қосылды, жаңа мешіт салынуда, Үлкен Алматы каналының айналасы, Боралдай өзенінің жағалауы нығайтылды.

Соңғы жаңалықтар