Алматы қаласында қайырымды істермен айналысатын жомарт жандар марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында қайырымды істермен айналысатын жомарт жандар марапатталды

Алматы қаласында қайырымды істермен айналысатын жомарт жандар марапатталды

Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен "Қайырымдылық керуені" республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

  • 4 Наурыз 2023
  • 76
Фото - Caravan.kz

Байқаудың мақсаты – қайырымдылық пен белсенді азаматтық бастаманы насихаттау. Байқауға әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосып, игі істерімен өзгелерді де ынталандырып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Алматы қаласы бойынша Байқауға қатысушылардан барлығы 41 өтінім қабылданып, оның ішінде төрт үміткерге сыйлықтар берілді.

Бұл байқау бесінші рет біздің кең байтақ жерімізде риясыз қайырымды істермен айналысатын жомарт жандардың қаншалықты көп екенін көрсетіп отыр. Олар ешкімнің назары мен алғысын талап етпей-ақ, бар ізгі ниетімен жақсылық жасауда.

Аталмыш кеште осындай оқиғалардың басты кейіпкерлері жиналды.

Бүгінгі таңда қауымдастыққа 27 жыл толды. Оған республиканың барлық аймақтарынан 3000-нан астам кәсіпкер әйел кіреді.

Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Сәрсембаева Раушан Біргебайқызы:

— Республикалық байқау халықтың азаматтық бастамаларын арттыруға, мейірімділік, қамқорлық және адамгерлік құндылықтарды нығайтуға бағытталған, деді.

«Қайырымдылық керуені» байқауының қатысушылары номинациялар бойынша анықталды.

«Әділ» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Оксана Маралова «
Мейірім жолында
» номинациясы бойынша республикада бірінші орынды иеленді. Олар тұрақты негізде онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға, жетім балаларға, мүгедек балаларға, аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Республика бойынша «Туған жер» номинациясы бойынша, «ITeachMe» Құзыреттілікті дамыту орталығы» Қоғамдық қоры марапатталды. Оның жүлдегерлері туған өлкесіне білім беру саласында қайырымдылық қызметпен айналысады.

«Батыл жүрек» номинациясы бойынша марапаттау үшін Алматы қаласы Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Таубеков Нұрлан өз денсаулығын қатерге тіккен Әуелбеков Бауыржанды марапаттады.

Жарыстың қалған барлық қатысушылары «Алғыс хат» және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар