Алматы қаласындағы үлкен көшелер қалай жаңартылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласындағы үлкен көшелер қалай жаңартылуда

Алматы қаласындағы үлкен көшелер қалай жаңартылуда

Алматыдағы Назарбаев даңғылының жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына бірнеше күн болды. 

  • 18 Шiлде 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталының тілшісі оқиға орнын суретке түсіріп, жаяу жүргіншілер мен жұмысшылардың бірінен сұхбат алды. 

 

— Жұмыстың аты жұмыс. Қиыны жұмыс кезіндегі күннің ыстығы, бірақ амал жоқ, — дейді жұмысшылардың бірі. 

— Жұмысты қашан аяқтайсыздар?

— Нақты айта алмаймын, бірақ, біз жақсы қарқынмен жұмыс істеп жатырмыз. 

Қопарылған жер тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге келеңсіздіктер мен қолайсыздықтар тудыруда.


— Қаланың орталығы болғандықтан, жүріп-тұруымызға қолайсыздық пен ыңғайзыздықтар тудыруда. Бірақ, бұның бәрі қаланың көркеюі үшін жасалуда. Бұрынғыдан да әдемі болады деп үміттенеміз, деп ойын бөлісті жаяу жүргіншілердің бірі. 
— Иә, бәрін қопарып тастадық, ал, қазір жаңа плиткалар қалап жатырмыз. Не айтса, соны жасаймыз, деп жұмысшы кешірім сұрап, одан әрі жұмысын жасауға кірісіп кетті. 
Соңғы жаңалықтар