Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов инфрақұрылымдар мен қаланы қамтамасыз ету нысандары құрылыстарының барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов инфрақұрылымдар мен қаланы қамтамасыз ету нысандары құрылыстарының барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов инфрақұрылымдар мен қаланы қамтамасыз ету нысандары құрылыстарының барысымен танысты

Алматы. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов инфрақұрылымдар мен қаланы қамтамасыз ету нысандары құрылыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 560
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының әкімі «Данко» тобы қоймалар кешені АҚ-да болып, азық — түлік тағамдарының сақталуын, қазіргі заманғы тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталуын көрді. Қойма кешендері 1990 жылы ашылған болатын. «ДанКО компаниясының тобы» 2000 жылы құрылды. Қазіргі кезде нысанның құны — 50,0 млн. АҚШ доллары.

Транспорттық-логистикалық «Астана-Контракт» АҚ-ның орталығында болған Ахметжан Есімов оның президенті Г. Мұсағалиевамен бірге қойма кешендерін аралады. Транспорттық -логистикалық орталық көлік тасымалын қамтамасыз етіп, сақтау — тиеу сияқты жұмыстарды атқарып, кедендік , ақпаратттық және басқа да логистикалық шараларды жүзеге асырады. Бұл қойма заманаға сай автоматты жүйелермен толық жабдықталған, соның арқасында қажетті жүктерді, олардың құрамын, мөлшерін тез арада анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының әкімі «GEGA» ЖШС-нің логистикалық орталығының құрылысымен де танысты. Ал, салынып жатқан «Global Ecological Group Almaty» логистикалық орталығы азық — түлік өнімдерін бірден сатып алады, жеткізеді. Кедендік шараларды жүзеге асырады, өнімдерді өңдеуден өткізіп, қажетті азық- түлікті қаланың бөлшек саудамен айналысатын сауда орындарына жеткізеді. Бұл орталық өз жұмысын 2009 жылдың екінші тоқсанында бастайды деп жоспарлануда. Бұл жобалар жүзеге асқан кезде Алматы қаласы мен Алматы облысында өндірілетін азық — түлік тағамдары қайта өңделіп, сақталып, халыққа қажетінше жеткізілетін болады

Аталаған кешендерді аралап көрген Ахметжан Есімов мұндай нысандар азық түлік өнімдерінің дұрыс сақталуын, сауда орындарына дер кезінде жеткізіліп, арзан бағамен сатылатындығын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар