Жарияланды: 470

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді.

Жаңа лауазымға генерал-майор Серік Әубәкіров тағайындалды. 

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 
«ҚР ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен Алматы қалалық ТЖД басшылығына өртке қарсы қызметтің генерал-майоры Серік Әубәкіров тағайындалды. Серік Әубәкіров ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген. Бүгін жаңа басшыны ұжымға таныстыру үшін ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко келеді», - деді баспасөз қызметінен. 
Серік Әубәкіров 1985 жылы өрт сөндіруші-техник мамандығы бойынша Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін бітіріп шыққан. 
Айта кету керек, 4 жылдай Алматы қалалық ТЖД басқарған Берік Құтпанов 2 ай бұрын жұмыстан босатылған болатын. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ТЖК резервіне тіркелді. Оның міндетін орынбасары Нұрлан Мадьяров атқарып келген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін