Жарияланды: 450

Алматы қаржы полициясы департаменті несие алу саласында қитұрқылықпен айналысқан ұйымдасқан топты құрықтады

Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қитұрқы әрекеттеріне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл қылмыстық топ көпе-көрнеу қайтарылмайтын ірі көлемдегі несиелер алуды әдетке айналдырса керек. Бұл туралы қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

Қылмыстық топ 2001-жылдың күзінен бері жұмыс істеген. Қаржы полициясы департаментінің ақпаратына сәйкес, аталмыш қылмыстық топтың мүшелері тұтыным несиесін жұмыссыз тұрған кәсіпорындардың жалған және ұрланған құжаттарымен алып отырған. Банкпен арадағы келісім-шарты бойынша тұтыным несиесі ретінде алынған тұрмыстық техниканы сатып, түскен қаржыны бас пайдасына жаратқан. Қылмыстық топ осы мерзімде жалпы алғанда 1,42 млн. теңге қаржыны қолды болдырған. Қылмыстық топ мүшелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін