Алматы – қазақтардың астанасы, орыстардың баспанасы, ұйғырлардың асханасы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы – қазақтардың астанасы, орыстардың баспанасы, ұйғырлардың асханасы

Алматы – қазақтардың астанасы, орыстардың баспанасы, ұйғырлардың асханасы

Отандық БАҚ-тар егер елімізде моноұлттық жағдай қалыптасса не болады дегенді анықтауға кірісті.

  • 10 Сәуiр 2018
  • 1374
Фото - Caravan.kz

Елімізде жүріп жатқан демографиялық үрдіске қарап Қазақстан моноұлтты ел болуы мүмкін деген ой түйуге болады және сайып келгенде ең соңында елде тек мемлекет құраушы ұлттың өкілдері ғана қалуы ықтимал деп жазады — Central Asia Monitor.

Бұл қаншалықты шындыққа жанасады және елімізде қандай жағдай қалыптасатынын басылым сарапшылардан сұрап көрді.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Қазақстан енді ешқашан моноұлтты ел болмайды

— Меніңше моноұлтты ел болған «жаман» немесе «жақсы» деген мағынадағы сөздер ойдан шығарылған және саяси үгіт-насихат үшін шығарылған болуы мүмкін. Жалпы алғанда моноұлттылық – жаман да емес, жақсы да емес.

Егер мұқият бағамдап көрсек Қазақстан енді ешқашан моноұлтты мемлекет болмайды. Осы уақытқа дейін бізде қазақ пен славян этностарының басымдығы байқалып келді. Тіпті қазақтардың өз елінде азшылыққа ұшыраған кездері де болды.

Орыстар, украиндер, беларусь пен немістердің саны енді азая береді және үлесі де кемиді. Бұл ұлттық деңгейдегі трагедия емес. Әрине, жекелеген адамдар үшін трагедия шығар.

Шын мәнінде бізде көп ұлтты қоғамның пайдасы мен зиянын айта алатын әлеуметтік, экономикалық немесе өзге де зерттеулер жоқ.

Ал Қазақстанға келсек оның көп ұлтты болуы табиғи жолмен келген жоқ. Егер Ресей империясының саясаты болмағанда, онда жағдай мүлдем басқаша болар еді.

Жәнібек СҮЛЕЕВ, веб-шығарушы: қазақтар өз астанасында 25 пайыздан да кем болды


— Негізі бір ұлтты қоғамға келу идеясы бар десе де болады. Бірақ, бұл бағыттағы нақты терең зерттеулердің жоқтығы алаңдатады.

Мысалы кезіндегі Қазақ ССР-інің астанасы Алматыны алайық. Қазақтар ол кезде өз астанасында 25 пайызға де жетпеді. Осыдан барып «Алматы – қазақтардың астанасы, орыстардың баспанасы, ұйғырлардың асханасы» деген әйгілі әзіл сөз шыққан.

Жек өз басым Қазақстанның болашақта көп ұлтты қоғамды қалай сақтап қалатынын көріп тұрған жоқпын, есесіне кей жерлерде ел моноұлттыққа ойысады.

Оқи отырыңыз:

«Мұның бәрі жалған қойылым» — Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды
Аша Матай: "душта екі еркекпен болғаныма мүлде ұят санамаймын"
Түсірілім басталды: Ерке Есмаханның қандай фильм түсіріп жатқаны белгілі болды