Алматы секс-туризмнің орталығына айнала ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы секс-туризмнің орталығына айнала ала ма?

Алматы секс-туризмнің орталығына айнала ала ма?

Ресейдің белгілі саясаттанушысы Андрей Карпов Алматыны секс-туризм орталығына айналдыруды ұсынды. Бұл ұсыныс қазақтардың наразылығын тудырып отыр.

  • 21 Тамыз 2017
  • 2416
Фото - Caravan.kz

Саясаттанушы "Содружество" баспасөз клубында жарияланған мақаласында әлгіндей мәселені көтерген. Оның ойынша, Алматыны секс-туризм орталығына айналдыру үшін Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру керек.

"Қазақстанда бұл мәселе 2011 жылдан бері талқыланып келеді. Бұл әлеуметтік зерттеуге түрткі болды. "Комкон-2 Еуразия" зерттеу компаниясы Алматы тұрғындарының жезөкшелікті заңдастыруға қатысты пікірін білу үшін телефон арқылы сауалнама жүргізген. Оған қатысқандардың 55,3 пайызы қарсы болыпты" деп жазады Андрей Карпов.

Десе де, саясаттанушының айтуынша, өзін атағысы келмеген алмытылық бір белгілі журналист Алматыда жезөкшелік дамыса қалаға туристер ағылып келер еді деп есептейді екен. 


"Алматыдағы секс-индустрия біздің қалаға туристерді тарта алады. Тек бұған шаһар басшылары жалған идеологиялық стереотиптермен емес, оң көзбен қарауы керек" депті әлгі журналист. 

Соңғы жаңалықтар