Алматы соты фотограф пен билік дауына нүкте қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы соты фотограф пен билік дауына нүкте қойды

Алматы соты фотограф пен билік дауына нүкте қойды

Алматы соты фотограф пен билік дауына нүкте қойып, "авторлық құқықты бұзғаны үшін", әкімдікті жауапты деп таныды. Судья Аида Әбілмәжінова мекемені фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлына 680 700 теңге — 300 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) деңгейінде өтемақы төлеуді міндеттеді.

  • 19 Наурыз 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Қызайбекұлы мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігін өзінің рұқсатынсыз авторлық фотосын "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының үгіт-насихат жұмысына пайдаланғаны үшін сотқа берген.

Шағымданушының адвокаты Бауыржан Айдарбеков сот шешіміне разы емес екенін, қайта шағымдануға ниетті екенін айтады. Адвокаттың сөздерінше, өтемақы 2017 жылдың АЕК бойынша есептелмек.

"Авторлық құқықты бұзу ісіне тек ғана жергілікті билік емес, мәдениет және спорт министрлігінің де қатысы бар. Бірақ сот шешімінде жауапты ретінде министрлік аталмайды. 300 айлық есептік көрсеткіш аз сома", — дейді Бауыржан Айдарбеков.

Сәрсенбек Қызайбекұлы 2017 жылы желтоқсанда Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының үстінен "авторлық құқығымды бұзып, суретімді рұқсатсыз пайдаланды" деп арызданған және 1,5 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Фотографтың айтуынша, жас бала мен қаршыға бейнеленген 2014 жылы түсірген суреті былтыр тамыздан бастап Қазақстанның бірнеше аймағында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын үгіттеуде көрнекілік ретінде іліне бастаған.

 

Басқа тақырыптар: 


Ер адамның жыныс мүшесімен ойнаған Айжан Байзақова елдің ашуын келтірді
Бақыт Шадаева өзінен 20 жас кіші жігітті ұнатып жүргенін ашық айтты
Енді Ресейдегі татар, башқұрт сияқты аз ұлттар егемендікке ұмтылады — саясаттанушы
Соңғы жаңалықтар