Алматы соты Майя Манезаға айыппұл салды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы соты Майя Манезаға айыппұл салды

Алматы соты Майя Манезаға айыппұл салды

 

  • 13 Қыркүйек 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Алматыда белгілі спортшы, зілтемірші Майя Манеза әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Volkswagen көлігінің жүргізушісі Майя Манеза Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Сот барысында спортшы өз айыбын мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.


«Майя Манезаның айыбы толығымен дәлелденді. Осылайша судья оған 50 500 теңге көлемінде айыппұл салды», — деді баспасөз қызметінен.

Сот қаулысы күшіне әлі енген жоқ.