Алматы тауларында сел жүруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларында сел жүруі мүмкін

Алматы тауларында сел жүруі мүмкін

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды.


 

  • 13 Тамыз 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су тасқынында қалып қойсаңыздар, құтқаруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Осыған орай Іле Алатауына бармағаныңыз жөн, — деп ескертті департамент өкілдері.

Сел қаупі бар жерде не істеу керек:

— таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;

— егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;

— сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты 12-13 тамыз күндері өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Кіші Алматы өзендері алабында сел жүруі мүмкін,- деп хабарлады ведомстводан.