Жарияланды: 190

Алматы тауларында төрт турист жоғалып кетті

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағында төрт турист жоғалып кетті.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов сілтеме жасап, Caravan.kz хабарлады.

2018 жылдың 20 қаңтарында кешкі сағат 11-де «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аумағында 4 турист - Чехия азаматтары жоғалып кеткен.

Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының жедел тобы барған. Іздеу жұмыстарына кинологтар жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстарын Алматы қалалық әкімдігінің құтқару қызметі қалалық ІІД-мен бірлесіп жүргізген. Іздеу жұмыстары 4 жарым сағатқа созылды.

21 қаңтарда таңғы сағат 4.30-да туристер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Шымбұлақ» шыңының аралығынан табылған. Қазір олар қауіпсіз жерде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть