Жарияланды: 30

Алматы тауларында жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды Сурет - Tengrinews.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәліметті ҚР ІММ ТЖК жедел-құтқару жасағының өкілдері растады.

Ведомство мәліметінше, қыздың денесі кеше, 31 мамырда Космостанция аумағында табылған. Tengrinews.kz тілшісі толығырақ мәлімет алу үшін Алматы қалалық полиция департаменті мен ТЖК өкілдеріне сауалхат жолдады.

Еске салайық, Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары 6 айдан аса уақытқа созылған. Ол былтыр 9 қарашада үйден кетіп, сол күйі оралмаған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін