Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін алдын-ала білетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін алдын-ала білетін болды

Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін алдын-ала білетін болды

Енді қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн бақылауға болады

  • 3 Қаңтар 2018
  • 210
Фото - Caravan.kz

Алматыда жолаушылар қоғамдық көліктің қайда келе жатқанын смартфон арқылы онлайн режимде біліп отыратын болды, деп хабарлайды Sputnik "Оңай Pay" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұйымның хабарлауынша, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін Алматы автобустарының қозғалысын онлайн режимде бақылап отыру функциясы іске қосылды.

"Оңай" қосымшасының "Бағдарлар" бөлімінде керекті бағдарды таңдап, қоғамдық көліктің аялдамаға қаншалықты жақын екенін білуге болады. Сонымен бірге, ең тиімді бағдарды анықтап, сол автобустың/троллейбустың қозғалысын бақылай аласыз.

"Oңай Pay" директоры Александр Зайкиннің сөзіне сүйенсек, қолданушы бағдардың бастапқы және соңғы нүктесін белгілесе, сервис сол параметрлерге сәйкес келетін қоғамдық көліктер мен жолға кететін уақыт мөлшерін ұсынады.


Соңғы жаңалықтар