Жарияланды: 200

Алматы тұрғыны Атырауда науқас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Алматы тұрғыны Атырауда науқас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Жеңгетайлықпен айналысқан ер адам өз кінәсін мойындамады, сот үкіміне шағымдануға ниетті.

5 ақпанда Атырау қаласының №2 соты сырттан келген әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 48 жастағы Алматы қаласының тұрғынына сот үкімін шығарды, деп хабарлайдыZakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам оларды өзімен бірге алып келіп, пәтер жалдап, ол жерді жезөкшелер ордасына айналдырып, қыздардың жезөкшелікпен тапқан табысының көп бөлігін өзіне алып отырған. Оның "қамқорлығындағы" біреуі туберкулезбен ауырса, енді бірі 2016 жылдан бастап, "сифилис" диагнозымен тіркеуде тұрған.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабына («Қорқытып алушылық») сәйкес «қауіпсіздігі орташа мекемеде» 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазір бұлай жалпы режимдегі колонияны атайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін