Алайда қаскүнемнің теріс пиғылы іске аспады. Қылмыстық әрекеті үстінде оны көршінің баласы байқап қалған.
Бірақ, ұсталған кісі көршілерінің сөзін жоққа шығарып отыр. Ол екі жеті түнде ұйқы бермей жүрген белгісіз біреуді ұстамақшы болып, оны аңдып отырғанын айтқан.
Оқиғаға не себеп болғаны және бұл ер адам жанар май мен сіріңкені алып, көршісінің шатырына қандай мақсатпен шыққандығы ресми тергеу амалдарының барысында анықталады.