Алматы тұрғыны «Қазақ хандығы» деп аталатын ойын ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғыны «Қазақ хандығы» деп аталатын ойын ойлап тапты

Алматы тұрғыны «Қазақ хандығы» деп аталатын ойын ойлап тапты

Қазақ руларын қалай жаулауға болады? Бұл – мақсат емес, ойын ережесі. Қазақ хандығы тақырыбы жаңа отбасылық үстел ойынына арқау болды,-деп жазды Алматы арнасы

  • 27 Желтоқсан 2017
  • 172
Фото - Caravan.kz

Жеңімпаз, әрине хан атанады. Хандыққа ұмтылу үшін ойында қандай шарттарды орындау қажет?

«Қазақ хандығы» деп аталатын бұл ойынға бір дегеннен төрт қарсылас қатыса алады. Ойыншылар өзара сұлтандардың рөлінде болып, түбінде хан атануға тырсады.

Ол үшін қазақ руларының қолдауын сұрауға жасауылдарды жібереді. Туының астына ең көп ру жинаған сұлтан жеңімпаз болып, хан сайланады.

«Біз Қазақ хандығы туралы тек жазба түрінде ғана ақпарат аламыз. Ал мұнда қатысушылар ойын арқылы-ақ хандыққа бастар жолдың оңай емес екенін түсінеді.

Ойынның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі де есекерілген. Мәселен, қарсыласыңызға барымта жасасаңыз болады. Сондай-ақ «көрімдік», «қалың мал», «тойбастар» деген картаны аша отырып, қарсыласыңызға қолқа салып, ұпай жинауыңызға болады», – деді ойын авторы Қобыланды Жаңабекұлы.

Тың идеяны тапқан туынды авторы ойынның ерекшелігі де осында, дейді. Онда қазақы құндылық ойынға қатысушылардың сауатын ашып, қосымша ұпайға ие болуға мүмкіндік береді. Бас-аяғы 50-ден астам рудың аумағына киіз үйді кем дегенде жарты сағаттың ішінде тігіп тастауға болады екен.

Ал оны тым күрделене түскен тәсілмен ойнаса бәйге 4 сағатқа созылуы мүмкін. Ойын жинағына бас-аяғы 20 қаһарман қартасы, яғни, екі тарап бір жерге таласқанда ортаға тастайтын ұпай 80 билік жетоны және 80 киіз үй кіреді.


Егерде екі ойыншы бір рудың аумағында киіз үйді бір мезетте тіккісі келсе, онда олар ішінара шайқасады. Мәселен, арнайы ұпайы көрсетілген қарталарды бір уақытта тастайды.

Мәселен, мен батыр деген «5» ұпайымды ортаға лақтырсам, қарсыласым тұлпарын «2» ұпаймен ортаға салуы мүмкін. Кімнің ұпайы жоғары, соңында сол жеңіске жетеді. Әйтсе де, ескеретін жәйт, әрбір киіз үйдің бір-бір ұпайдан тағы да беретіндігін ескерген жөн.

Айта кетейік, ойында әрбір қарсылас өз қалауы бойынша сағат тілімен 1-ден 5-ке дейін қадам жасай алады. Ойын авторы қажет болса, бұл ермек түрін одан әрі күрделі ете түсуге болады, дейді.

Мәселен, қосымша ұпай жинау үшін бір аумақта бетпе-бет кездескен қатысушылардың қарта арқылы қарсыласын шетке ысыру үшін өзінің емес, әуелі өзгенің қолында қанша ұпай бар екенін есептету қажет екенін үйретеді. Отбасылық ойынға арифметикадан хабары бар барша жан қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар