Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен

Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен

Алматы тұрғыны құрбысының заңсыз әрекетінен кейін қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен.

  • 22 Маусым 2022
  • 934
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол А. есімді құрбысының жеке куәлігін алып, өз фотосуретін жабыстырған. Ал 2021 жылы қыркүйек айында ауруханаға түсіп, қайтыс болған. Осыдан кейін Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі А. есімді келіншекті қайтыс болды деп таныған. Себебі жалған құжатта оның жеке мәліметтері болған.

"Осы сәттен бастап өтініш берушінің Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады, өйткені барлық органда ол қайтыс болған адам ретінде есепте тұрды", — дейді прокурорлар.

"Қайтыс болған" келіншек сотқа да арыз түсіре алмаған. Осыдан кейін прокурорлардың көмегіне жүгінді. Түрксіб ауданының прокуратурасы өтініш берушінің қайтыс болғаны туралы акт жазбасының күшін жою туралы арыз түсірді. Сот қадағалау органының талап-арызын қанағаттандырды. АХАЖ акт жазбасының күшін жойды.


Ал полиция құжатты қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар