«Қазіргі таңда бұл ақпаратты растауға, болмаса жоққа шығаруға мүмкіндік болмай тұр. Дәл қазір Алмалы аудандық ТЖ бөлімімен дабыл жұмысын қадағалайтын техниктер болған жайттың себебін анықтап жатыр», — деді баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бүгін таңғы 5 шамасында Алматы тұрғындарын төтенше жағдай дабылы оятты. Дабыл бір сағаттай уақыт бойы қосылып тұрған. Дабылды Алмалы ауданының тұрғындары анық естіген.