Алматы және Маңғыстау облыстарында жол апаттарының салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды
Астана. 24 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Маңғыстау облыстарында жол апаттарының салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Талғар ауданында Талғар - Береке - "Ақбұлақ" шипажайы тас жолында 22 қарашада сағат 12.00-де "Тойота" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан 20 жастағы "Фольксваген" көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; 22 жастағы "Фольксваген" жүргізушісі мен 22 жастағы "Тойота" жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, тағы бір жол апаты Маңғыстау облысында болды. ТЖМ ақпаратына сәйкес, 22 қарашада сағат 22.30-да Қарақия ауданында Жаңаөзен - Ақтау тас жолында "Краз" көлігінің жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан "Тойота" көлігінде отырған 40 жастағы еркек оқиға орнында қаза тапты; 44 жастағы жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін