Жарияланды: 530

Алматы және Павлодар облыстарында дауылдық ескерту жарияланды

«Қазгидромет» жақын аралықта Алматы және Павлодар облыстарында ауа райы қолайсыз болады деп болжануына байланысты дауылдық ескерту таратты.

«Жақын күндері күшті жауын жауады деп күтілуіне байланысты Алматы облысындағы тау бөктеріндегі және таудағы өзендерде су тасып, арнасынан асуы мүмкін», - делінген метеоқызмет хабарында. Осы сияқты Павлодар облысында да жел күшеюіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды «Павлодар облыстық гидрометеорология» орталық мәліметтерінше, 20-шы маусымда Павлодарда және Павлодар облысының жекелеген аудандарында солтүстік-батыстан жел 17-22 м/с қа дейін күшейеді деп күтілуде», - деп Павлодар облыстық ТЖМ департаментінен хабарлады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін