Атап айтсақ, Алматы облысында Тоқжайлау ауылының маңындағы тауда 19 қыркүйекте 19 сағат 30 минутта 1700 га аумақты шарпыған өрт, соның ішінде 15 га орманды шарпыған өрт сөндірілді. «Өртті сөндіруге 140 адам мен 7 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Павлодар облысының Баянауыл ауданында 20 қыркүйекте 19 сағатта 800 га аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге 26 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 23 адам мен 5 техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті