Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл  жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, 20 сәуірде 19 сағат 15 минутта Қазақстан аумағында энергетикалық классы 12,5 болып табылатын жер асты дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 530 шақырымда, ҚХР (Шүршіттау) аумағында тіркелген.

ҚР ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында — Ұзынбұлақ пен Қарабұлақта — 5 балл, Алматы облысында — Көктума, Тоқжайлау мен Үшаралда — 3-4 балл қуатпен сезілді.

Құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті