Жарияланды: 650

Алматы: жүйке аурулары интернатының бір топ қызметкерлері шағым айтты

Бүгін Алматыдағы жүйке ауруларымен ауыратын балалар мен ереcектер интернат үйінің бір топ қызметкерлері қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының басшысы Әмір Құлмахановтың орнынан кетуін талап етті. Айтуларынша, ол басқарған екі жылдың ішінде аталмыш мекемелер ұжымының ішкі тыныштығы бұзылып, қызметкерлері шетінен заңсыз құдалауға ұшырап келеді. Алайда басқарма басшысы мұны «жала»деп отыр.

“Заңсыз жұмыстан қуылдық” деп шағымданған  адамдардың әрқайсысы жүйке ауруымен ауыратын жандар интернат үйінде 15-20 жылдан еңбек еткендер. Айтуларынша, әлеуметтік қолдау басқармасына басшыболып Әмір Құлмаханов келгеннен бері 30 шақты қызметкер қудалауға ұшыраған. 

Любовь Хасанова, интернаттың бұрыңғы қызметкері:

- Құлмаханов келгелі жағдайымыз қиындады. Мысалы, менің осы ауру балалар интернатына тәрбиеші болып жұмыс істегеніме 23 жыл. Сонша еңбегімді ескерместен, заңсыз,жұмыстан шығарып жіберді.

Басшы «жұмыстың зияндығы үшін төленетін қосымша ақыны сұрадыңдар» деп қудалауды бастаған көрінеді. Оған қоса, интернаттың ішкі қажеттіліктеріне бөлінетін ақшаның да түсініксіз жағдайда жоғалып кетіп жатқанын айтады,шағымданушылар. Мәселен, әлі күнге дейін интернаттағы қарапайым ыдыс-аяқтың өзі жаңартылмай келген.

Қарлығаш Бекжанова, интернаттың бұрыңғы аспазы:

- Прокуратурадан тексеру келді. Сол кезде асхана жабдықтарының саны жетпей, бұрын қолданудан алынып тасталған ескі ыдыстырды шығарып, тізімге қосты. Өйткені жаңасын алмайды.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасы басшысы Әмір Құлмахановтың алдына бардық. “Шағымданушылардың арызы негізсіз” деген ол интернаттың қызметкерлерін жұмыстан босатуға тіпті қақысының жоғын айтты.

Әмір Құлмаханов, Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасы басшысы:

- Жалпыбұл екі үй өз заңды кұштері бар дербес мекемелер. Мен тек олардың директорлары мен оның орынбасарларын ғана тағайындауға құқылымын. Қалған қызметкерлерді бұл жердің басшылары өздері реттейді. Менің оған қатысым жоқ.

Басшының сөзін өзге қызметкерлері де растады. Айтуларынша, бұл шуды шығарып жүрген тек  үш-төрт әріптестері ғана. Ал өзге отызы білместік жасаған.

Осылайша “жұмысымды адал атқарып жатырмын” деген басшы таяу күндері атына кір келтіріп, жалған жала жапқаны  үшін шағымданушылардың өздерін сотқа бермек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін