«Алматы-1» станциясының желілік ІІБ-ның бөлім бастығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-1» станциясының желілік ІІБ-ның бөлім бастығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

«Алматы-1» станциясының желілік ІІБ-ның бөлім бастығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

«Алматы-1» темір жол станциясы желілік ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

  • 22 Тамыз 2014
  • 707
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жұма күні қалалық Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

20-тамыз күні Алматы қалалық қаржы полициясы департаментіне шағымданған кәсіпкерлердің бірі «Алматы-1» станциясының желілік ІІБ лауазымды тұлғасының өзінен 84 мың теңге пара талап еткенін айтқан.

Бөлім бастығы пара алу барысында қолға түсті.


Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр.