Алматыда 12 жасар бала қаза тапты: қылмысқа не себеп болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.76
  • 562.39
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 12 жасар бала қаза тапты: қылмысқа не себеп болды?

Алматыда 12 жасар бала қаза тапты: қылмысқа не себеп болды?

Алматының Түрксіб ауданында 6-сыныпты аяқтаған 12 жастағы Абылайхан Ержанұлы қаза тапты. Бұл оқиға бойынша осы мектептің 7-сынып оқушылары күдікке ілінді.

  • 12 Маусым
  • 5
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай 10 маусым күні кешке болған. Қылмысқа не себеп болды? Оны Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.

Туыстарының айтуынша, кешкі сағат 19:30 шамасында екі жетінші сынып оқушысы баланы кездесуге шақырған. Олардың бірі Абылайханды қарсы алып, екінші оқушының үйіне алдап алып барған. Сол жерде оған пышақпен бірнеше рет соққы жасалған, бала оқиға орнында көз жұмған.

«Кеше кешкі 19:30-да немеремді екі бала шақырды. Біреуі қарсы алып, екіншісінің үйіне алып барды. Сол жерде оған пышақ жарақаттарын салған, бала сол жерде қаза болды. Бізге хабарласып, баланың жатқанын айтты. Біз жүгіріп жеттік, бірақ келгенде жедел жәрдем оның қайтыс болғанын растады. Бәрі өте тез болды», – деді әжесі.

Отбасы оқиғаның нақты себебі белгісіз екенін айтады. Абылайхан каратэмен айналысқан, қара белбеуі болған және мектепте ешқандай қиындық тудырмаған.

Туыстарының айтуынша, күдіктінің ата-анасы кешірім сұрауға келген, бірақ отбасы оны қабылдай алмаған.

«Олар кешірім сұрап келді. Бірақ балам қаза болып жатқанда мен қалай кешіремін? Оны өте қатыгездікпен өлтірді», – деді әжесі.

Отбасы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырған тағы бір мәселені атап өтті — 13 жастағы күдіктінің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы мүмкін деген ақпарат.

«13 жастағы бала жазадан құтылып кете ме? Бұл қалай мүмкін? Ол неге жауап бермеуі керек?» – дейді туыстары.

Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер арасында жанжал туындап, соның барысында бір бала пышақ жарақатынан қаза болған. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті арнайы мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар оның ата-анасының тәрбиелік міндеттерін дұрыс атқармағаны бойынша да жауапкершілігі қарастырылуда.