Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды

Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды

 

  • 23 Ақпан 2018
  • 5495
Фото - Caravan.kz


Алматыда түрлі себептермен ішкі істер органдарынан 148 полицей жұмыстан қуылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылы 91 жария түрдегі тексеріс және 5 жария емес түрдегі тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жол-патрульдік полицияның 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылы жемқорлықпен күрес бойынша және заңбұзушылық жасағандарды жазалау туралы 100-ден аса бұйрыққа қол қойдым: 659 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Органдардан жергілікті полиция қызметінің 148 қызметкері қуылды. Олардың ішінде 44 — учаскелік инспектор, кәмелетке толмағандар ісімен айналысқан — 13 инспектор, жол-патрульдік қызметтің 70 қызметкері және тағы бірнеше қызметкер түрлі себептермен жұмыстан босатылды", — деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исин өңірлік коммуникациялар қызметі бойынша өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2017 жылы жергілікті полиция қызметінде 2 308 адам жұмыс істеді. "Жағымсыз себептермен 12 қызметкер жұмыстан қуылды. Яғни, жемқорлық заңбұзушылық жасаған, әскери ережені бұзғандар, әскери тәртіп пен этика ережелерін бұзғандар", — деді Төрехан Исин.
 

Соңғы жаңалықтар