Жарияланды: 170

Алматыда 17 жастағы қыз жол апатынан мерт болды

Алматыда 17 жастағы қыз жол апатынан мерт болды

Кеше Алматыда күн жылынып, қар еріген болатын.

Алматыда Мерседес көлігі жол апатына ұшырап, 2000 жылы туған қыз мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Сүйінбай даңғылында оңтүстік бағытта келе жатқан Мерседес жол апатына ұшырады. Куәгерлердің айтуынша, көлік тайғақта сырғанап барып, көше жарығының бағанына соғылған. Қатты соққыдан көлік аударылып тұрған. Көлік ішінде 5 адам болған. Жол апатынан оның 4-еуі жарақаттанған. Кейін 2000 жылы туған қыз ауруханада қаза тапқаны анықталды.

Айта кетейік, кеше Алматыда күн жылынып, қар еріген болатын. Қалалық әкімдік жолаушыларға абайлап жүруді ескерткен де еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін