Алматыда 1942 жылы Ржев түбінде қаза болған қазақстандықтардың құрметіне естелік тақтасы орнатылды
Алматыда 1942 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Ржев түбінде қаза болған қазақстандықтардың құрметіне естелік тақтасы орнатылды. |
«Осыдан 70 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл – адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс. Соғыстың ызғарын әрбір қазақстандық отбасы сезінген шығар. Жерлестеріміздің ерлігі халықтың есінде мәңгілік қалады. Бүгін біз Алматы мен Ақтөбеде жасақталған 100-ші және 101-ші ұлттық атқыш бригадаларының құрметіне мемориалдық тақтаны ашып, әкелеріміз бен аталарымыздың қаны төгілген жердің топырағы салынған капсуланы саламыз. Ол Ржевтен жеткізілді», - деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов сәрсенбі күні салтанатты рәсімде.
Бауырластар зиратынан алынған топырақ салынған капсула 2010 жылдың желтоқсанында Ржевте 100-ші және 101-ші атқыш бригадаларының қазақстандық жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешеннің ашылуы кезінде алынған болатын. Кешен Қазақстан президентінің бастамасымен және тапсырмасымен ҰОС-тағы жеңістің 65 жылдығын мерекелеу аясында ашылды.
Гранит тақтаға ҚР елшілігінің қызметкерлері Ресейлік қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан мәліметтерін тапқан 10 мың адамның есімдері жазылған. Қазіргі уақытта Тверь облысында шайқасқан тағы 6 қазақстандық әскери құраманың жеке құрамдары туралы мәліметтер іздестіріліп жатыр.
Рәсім аясында Армияның орталық спорт клубының альпинистеріне Ржев топырағы салынған екінші капсула табыс етілді, ол бейсенбі күні ҰОС шығына 4050 м биіктікке салынады. Сондай-ақ, шыңға Жеңіс туы, Қазақстан туы және «Нұр Отан» ХДП-сының жалауы да орнатылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін