Жарияланды: 30

Алматыда 2 жасар бүлдіршін коронавирустан емделіп шықты

Алматыда 2 жасар бүлдіршін коронавирустан емделіп шықты

Алматыда коронавирустан жазылып шыққан екі пациент ауруханадан шығарылды, соның бірі - екі жасар сәби, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационардан COVID-19 анықталған 3 пациент емделіп шықты.

Олар - қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада ем қабылдған бір бала мен екі пациент. Олардың біреуі 31 наурыз күні кешке ауруханадан шығарылды.

Ауруханадан шығарылған пациенттер 14 күндік үй жағдайындағы карантинде болады.

Екі пациент 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейспен келген.

Олар келген кезде шектеу енгізіліп, жаңа алгорит мен Қаулы іске қосылған. Экипажды қосқанда, 12 адамнан тұратын бүкіл борт оқшауланып, карантинге жабылды, инфекциялық стационарға жатқызылды, зертханалық зерттеу үшін анализдер алынды. Жеті адамнан диагноз расталған.

Үшінші пациент – бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған адам.

Бүгінде Алматыда коронавирустан сауығып шыққан 10 адам ауруханадан шығарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін