Алматыда 2 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

Алматыда 2 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

Алматыда Қалқаман шағына ауданындағы Нұрпейісов көшесінің бойында су құбырларын ауыстыру үшін жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалған.

  • 4 Маусым 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Топырақ үйіндісінің астында қалған «Нұржол Строй» ЖШС-ның жұмысшысы 1973 жылы туған Б.Нүсіпбаев пен 1974 жылғы азамат Б.Таңғатаев оқиға орнында қаза болды.

Сондай-ақ Жетісу ауданындағы «SV Ltd» ЖШС құрылыс нысанында күндізгі сағат 11:26-да жүк лифтісі 2 метр биіктіктен шахтаға құлап кеткен. Лифт ішінде болған 1974 жылы туған В.Рогинин есімді жұмысшы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.