Алматыда 20 кәсіпорын иелері санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 20 кәсіпорын иелері санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматыда 20 кәсіпорын иелері санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматыда полицейлер санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 20 вулканизация иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 352
Фото - Caravan.kz

ІІД мәліметтерінше, оларға «Таза қала» акциясы аясында Т60 мыңға айыппұл салынды. «Вулканизациялар кейде тіпті, жаяу жүргіншілердің жолдарына орнатылған. Біз оларды кран арқылы сүйреп тастадық, себебі олар алғашқыда стихиялы түрде, ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жұмыс бастаған. Біз осындай кәсіпорындардың жұмыс істеу заңдылығын жоғары деңгейде көтермекшіміз, себебі қаланың сырт кейпінің сәні мен қоғамдық тәртіп осындай ұсақ нәрселерден басталады», — деп қаланың қоғамдық қауіпсіздігі басқармасының бастығы Серік Кененбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қайталап тексеру барысында байқалғаны — жекелеген вулканизацияның жұмысшылары айналасында тәртіп орнатып, шашылып жатқан доңғалақтар мен қоқыстарды жинап алыпты.

Сондай-ақ кейбір вулканизацияларда Қазақстанда жүріп-тұру тәртібін бұзып жүрген көрші елдің азаматтары барлығы анықталыпты. Полицейлердің айтуынша, олар бірінші ретке ауызша ескертумен шектелген. Егер ондай бұзушылық қайталанса, оларға айыппұл салынады, деп ескертті полициядағылар.

Соңғы жаңалықтар