Алматыда 21 - 25 қазан аралығында Одесса қаласының мәдени күндері өтеді
Алматы. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 2008 жылдың 21 - 25 қазан аралығында Одесса қаласының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Қазақстан және Украина президентері екі халықтар арасындағы сонау тарихи кезеңнен қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында 2007 жыл Украинада Қазақстан жылы, ал 2008 - Қазақстандағы Украина жылы болып жариялаған болатын.
Одесса қаласындағы Алматының мәдени күндері аясында Қазақстан өнер шеберлері концерт берді, Олжас Сүлейменовтың қатысуымен поэзия кеші өтті, қолданбалы өнер мен фотосуреттер көрмелері ұйымдастырылып, Қазақстан кино туындылары ұсынылды.
Одесса қаласының Алматыдағы мәдени күндері барысында Украина өнер шеберлері концерт қояды, Одесса орыс драма театры спектакль ұсынады, Одесса киностудиясының фильмдері көрсетіледі, фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін