Жарияланды: 50

Алматыда 22 жастағы суретші қыздың өліміне қатысты сот басталды

Алматыда 22 жастағы суретші қыздың өліміне қатысты сот басталды

Қаскелеңде 22 жастағы суретші Анастасия Галееваның өліміне қатысты сот басталды. Іс Қарасай аудандық сотында қаралып жатыр.

Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

Сот алдында 25 жастағы Асхат Баржақсин және 27 жастағы Евгений Степанов жауап беруде. Сотталушыларға адам өлтіріп, қылмысын жасырды деген айып тағылды. Тергеу орындарының мәлімдеуінше, күдіктілер қызды каналға лақтырып жібергендерін мойындаған. Айта кету керек, 22 жастағы қыз ақпанның 9-нан 10-на қараған түні Алматы облысы Жаңа Қуат коттедж қалашығындағы құрбысының үйіне шаш үлгісін жасауға барып содан үйіне оралмаған. Анастасия құрбысының үйінен сағат 23:30-да шыққан. Оқыс оқиғадан соң қызды іздеу шараларына 50 ерікті, кинологтар, полиция қызметкерлері кірісті. 2 айдан соң полиция қыздың денесін Іле ауданындағы Междуречинск ауылына жақын арада каналдың шлюздерінің бірінен тапты.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін