Алматыда 257 мың ағаш отырғызылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 257 мың ағаш отырғызылады

Алматыда 257 мың ағаш отырғызылады

Алматыда жасыл қорды сауықтыру бойынша жұмыстар жалғасуда, биыл 257 мың ағаш отырғызылады.

  • 22 Маусым 2020
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады. 

 Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинскаяның айтуынша, жыл соңына дейін 257 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бірінші кезекте облысқа шекаралас орналасқан Наурызбай, Алатау және Жетісу аудандарына ерекше назар аударылатын болады.

«Қалада барлығы 2,352 млн ағаш бар. Олардың ішінде сауығып, жапырақтарын кеңге жайғандары 1,8 млн немесе 76,5 пайыз. Өткен жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Жасыл Алматы» акциясы қолға алынды. Соның аясында өткен жылы күзде 135 мың түп ағаш отырғызылды. Биыл 8 мыңға жуық ағаш отырғыздық, жыл соңына дейін тағы 257 мың түп ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз»,– деді онлайн брифинг барысында Наталья Ливинская.

Сонымен қатар, ол мегополисте ағаш отырғызу жұмыстарына жаңа талаптар енгізілгенін атап өтті.

«Қазір ұжымдық және коммерциялық ұйымдар қайырымдылық шара барысында жиі ағаш отырғызады. Міне, осындай жұмыстар үшін жаңа ереже енгізілді. Отырғызылатын ағаштың диаметрі 3 см, биіктігі 3 метрден кем болмауы керек. Тағы бір мәселе ағашты отырғызудан бөлек оны күтіп-баптау жұмыстары бар. Жаңа талапта отырғызылған ағашты екі жыл баптау ережесі қарастырылған. Бұл жасыл желектің қараусыз қалмай, ары қарай жерсініп, жайқалып өсіп кетуі үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, қалада ағаш отырғызатын арнайы аймақтарды қарастырып жатырмыз»,– деді ол.


Сондай-ақ, мамандар аудандардағы жасыл желекті санап шықан. Ең жасыл елді мекен Медеу ауданында 472 мыңнан астам ағаш бар. Ал, Наурызбай және Алатау аудандарында шамамен 202 мың және 179 мың ағаш өсіп тұр. Жасылдандыру бойынша екінші орынды Түрксіб ауданы иеленген, мұнда 431,5 мың түп ағаш бар. Бостандық ауданында 380 мың ағаш өсіп тұр. Ал, Әуезов ауданындағы ағаштар саны 100 мыңға кем, яғни 255 мыңға жуық. Жетісу ауданында 220 мыңнан астам, ал Алмалы ауданында 213 мың ағаш бар. Айта кетерлігі, тек көпшілік қолданатын жердегі ағаштар ғана саналды. Яғни, жеке аумақтардағы, зираттардағы, республикалық маңызы бар жерлердегі жасыл желек қосылмаған.

 

Соңғы жаңалықтар