Алматыда 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

Алматыда 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

Алматыда Әуезов ауданында 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова айтты.

  • 25 Қараша 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға туралы хабарлама түскі 16:43-те түскен. Жұмысшылар жер қазып жатқан кезде топырақ опырылып түскен.

Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері үйінді астынан 3 адамның денесін алып шықты.

Қаза болғандардың екеуі  33 жастағы  Алматы қаласының және облысының тұрғындары болып шықты. Үшінші адамның кім екендігі анықталып жатыр.