Алматыда 30 және 31 тамызда біраз көшелер жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 30 және 31 тамызда біраз көшелер жабылады

Алматыда 30 және 31 тамызда біраз көшелер жабылады

Екі кезеңнен тұратын үлкен веложарыс өтеді.

  • 29 Тамыз 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz


30 және 31 тамызда Алматыда екі күндік Tour of Almaty веложарысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараның сайтында веложарыстың жүретін жолы көрсетілген. Жарыс кезінде көшелерде қозғалыс шектеледі.

Веложарыстың бірінші кезеңі 30 тамызда өтеді. Индустриялық саябақта айналымдық топтық жарыс болады.

Старт пен финиш – "Алматы Арена" сарайының алдында. Жарыс жолы – 118,6 шақырым. Старт — 12.00-де, финиш — 15.00-де.

Екінші кезең 31 тамызда өтеді. Бұл "Road to Medeu" топтық жарысы. Старт 11.00-де "Халық Арена" алдында. Финиш в 15.30-де "Медеу" мұз айдыны ғимаратының алдында. Жарыс жолы – 160 шақырым.

 

Соңғы жаңалықтар