Алматыда 4 балл жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 4 балл жер сілкінісі болды

Алматыда 4 балл жер сілкінісі болды

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда кеше 4 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2007
  • 574
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметтерінше, 9 қазан күні 22 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының шекарасында энергетикалық классы 12,6 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 81 шақырым жерде тіркелген. Алматыда қуаты 4 балл жер асты дүмпуі сезілді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті