Алматыда 4 мыңға жуық адам сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 4 мыңға жуық адам сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылды

Алматыда 4 мыңға жуық адам сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылды

Былтыр 3993 алматылық жүргізуші куәлігінен айырылды

  • 4 Наурыз
  • 4
Фото: Алматы полициясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматының жолдарында 2 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Бұл жағдай жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр.

– Сот шешімімен 3 993 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды, ал 2 365 жүргізушіге әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Алматы полициясы осы мәселеге қатысты дабыл қағып, танымал тұлғалар арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Спортшылар, әншілер, әртістер өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырады,– деп хабарлады ведомстводан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жұмыстар жол қозғалысындағы тәртіпті жақсартуға және жол апаттарының алдын алуға септігін тигізеді.