Алматыда 5-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 5-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Алматыда 5-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Алматыдағы №118 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру сабағы өтіп жатқан кезде бесінші сынып оқушысы қайтыс болды.

  • 17 Сәуiр 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 13 жастағы Алексей Халилов 16 сәуірде дене шынықтыру сабағына денсаулық жағдайына байланысты бармаған.

"Ол дәлізде болды, спорт залының кіреберісінде, бала дене шынықтырудан босатылғандардың орындығында отырған. Кенет Алексей әлсіреп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, мектептке жедел жәрдем шақыртылды", — делінген релизде.

Білім басқармасының мәліметінше, Алексей бұл мектепте 1-сыныптан бастап оқыған. Оқу барысында бірнеше рет есінен танып қалған.

"Сынып жетекшісі баланы қарату керектігін айтып, ескерткен, алайда әжесі емханаға барып, тексерістен өтіп жүргенін айтқан. Атасы А.Р.Нартовтың айтуынша, Алексейдің қан тамырларының өткізгіштігі нашар болған. Медициналық картадағы жазбаға сәйкес, бала 2014 жылдан бері есінен танып қала берген, жүйке жүйелері дәрігеріне қаралып жүрген. Ол мектепте соңғы рет 2017 жылдың желтоқсанында есінен танып қалған, дәрігер оған ем жазып берген", — деді Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының өкілдері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.


Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан: «Бұйыртса осы күзде «Кафе Махаббат» киносына  келіңіздер!»

Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай сауық кешіне төсін ашып келді

Соңғы жаңалықтар