Алматыда 7 ошақтан коронавирус қаупі сейілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 7 ошақтан коронавирус қаупі сейілді

Алматыда 7 ошақтан коронавирус қаупі сейілді

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 29 наурыз, сағат 13:30 жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 21 ошағы бар.

  • 29 Наурыз 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz


Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 7 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.

Атап айтқанда, Медеу ауданындағы – Зенков көшесі 59; Достық көшесі 162; Түрксіб ауданындағы – "Алтай" ықшамауданы -1, 8; "Жас қанат" ықшамауданы 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63а, Жетісу ауданындағы Еңлікгүл 34 А мекенжайларында шектеу шаралары алынды.

Дәл қазір Әуезов ауданында 2 ошақ: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой, 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр 121.

Алмалы ауданында Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы бар.

Медеу ауданы бойынша 4 ошақ тіркелген. Олар – Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы 45 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы тіркелген.

Түрксіб ауданындағы 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз ықшамауданы -1, 13 мекенжайларында тіркелді.

Бостандық ауданында бір ошақ – Тұргыт-Озал, 242 бар.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ: Береке көшесі, 1/97 бар

Соңғы жаңалықтар