Алматыда 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды

Алматыда 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды

Алматыда карантин талабын бұзған 700-ден аса мейрамхана мен дәмханаға айыппұл салынды.

  • 11 Тамыз 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Алматыда мониторингтік топ өкілдері кешкі сағат 22.00-ден кейін арнайы рейд жүргізген. Олар көңіл көтеру орындарының карантин талабын қалай орындап жатқанын тексерген.

"Әуезов көшесіндегі дәмханада қонақтар кешкі сағат 22.00-ден кейін де отырған. Ал дәмханадағы қызметкерлер маска тақпаған.

Сондай-ақ, мониторинг топ өкілдері осы маңда карантин тәртібін бұзған тағы бір дәмхананы анықтаған. Мұнда тепловизор жұмыс істемеген. Алайда мекеме қызметкерлері тәртіп бұзғандарын мойындамаған.

Бостандық ауданындағы мейрамхана карантинге қарамастан жұмыс істеген. Олар мекеменің қақпасын жауып, онда мерекелік шаралар жасаған.

Сонымен қатар, қаладағы дәмхананың тағы бір қожайыны мониторинг топ өкілдерін көріп, олардан жасырынған әрі қарсылық көрсеткен", — делінген телеарнаның сюжетінде.

Енді тәртіп бұзған көңіл көтеру орындарының иелері қомақты айыппұл төлеуге міндетті.


"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша 230 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі үшін олар аудандық басқармаға жіберіледі. Бұл — шағын кәсіпкерлік субъектілері", — дейді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің меңгерушісі Ерлік Дүйсенбаев.

 

Соңғы жаңалықтар