Алматыда 74 жастағы қария аурухана ауласында түнеп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 74 жастағы қария аурухана ауласында түнеп жүр

Алматыда 74 жастағы қария аурухана ауласында түнеп жүр

Алматыда 74 жастағы қария екі күн қатарынан аурухана ауласында түнеген. Өздігімен жүре алмайтын мүгедекті облыстық ауруханаға жедел-жәрдем көлігі жеткізген екен. Алайда дәрігерлер алғашқы көмекті көрсеткен соң, сыртына шығарып тастапты. Түн ортасында далада қалған ақсақал барар жері болмай сол аурухана табалдырығында жата берген. Тек екі тәуліктен соң әбден қажыған қартты жаяу жүргіншілер байқап жанашырлық танытқан.      

  • 20 Маусым 2014
  • 234
Фото - Caravan.kz

Аяғы дәкемен таңылған сырқат аурухана ішінде емес, сыртында аунап жатыр. Әрлі-берлі ағылған жұрт алғашында қаңғыбас екен деп теріс айналған. Тек Евгений жақындап, жер бауырлап жатқан қарттың хал-жағдайын сұрапты.         

Евгений Папасов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Ит құрлы көрмей далаға тастаған. Полицияға да хабар беріп едім, бірақ олар келмеді. Күзетшілерден сұрап едім, ауруханадағылар шығарып тастады деді. Адамды осылай қорғауға болады ма? Біз дүкеннен тамақ, су алып бердік.

Сөйтсе, қария мүгедек екен. Аяғын алып жүре алмайды. Табанынан жоғары қаптаған жара. Қаңғыған да емес. Алматыда үйі бар. Тек ағайыны сыйдырмай, қуып шыққан екен. Жарасы жанына батып, ауруханаға жатқан. Алайда, көп ұзамай бұл арадан да қуылыпты.

Соломон Бараников:

-Дәрігерлер шығарып тастады. Ақырын жерге қойды да кетіп қалды. Ақшам болмаған соң солай жасады. Әйтпесе, қазір таза палатаның ішінде жатар едім.

Сырқаттың айтуынша, дәрігерлер жарасын бинтпен байлаған соң түн ортасында қақпа сыртына қоя беріпті. Аурухана алдында ақсақал екі күн жатқан. Ал дәрігерлер аң-таң. Тіпті аулаларында жатқан мүгедек қария туралы естімеген кейіп танытты.


-Жүре алмаушы ма еді, жүруші ма еді?

 -Жүреді.

 -Ол қайда ол кісі?

-Мына жерде жатыр дейді.

-Мен көрейінші…

Аяқасты аң-таң бола қалған ақ халаттылар ақыры қарияны арбаға отырғызып, қайта емдеуге алып кетті. Ал науқасты қабылдады деген дәрігер өзіне шаң жуытар емес.

Ғалымжан Есенәлиев, Алматы облыстық ауруханасының хирургі:  

-Далада қалай қалғанын білмеймін. Ешкім шығарып салған жоқ. Өзі кеткен. Мен ол науқасты көрген жоқпын. Мүгедек, отырып кетті. 9 ай бойы далада өмір сүрген адам.

-74 жастағы зейнеткер қазір аурухана ішінде. Дәрігерлер қажетті ем-домын жасап жатыр. Аяғын таңып біткен соң ақсақал бәрібір де аурухананы тастап кетуі тиіс. Бірақ, аяқтан қалған қарияның енді қай бұтақтың түбіне барып қонары белгісіз.