Алматыда 9 қабатты үй өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 9 қабатты үй өртке оранды

Алматыда 9 қабатты үй өртке оранды

Алматының Алғабас ауданында 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 70 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

  • 2 Қыркүйек 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«31 тамыз күні сағат 22:09-да Алатау ауданына қарасты Алғабас-9 шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында 15 шаршы метр аумақ өртке оранды. 70 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 20 бала бар. Тілсіз жау сағат 22:36-да ауыздықталып, 22:54-де толықтай сөндірілді. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда», — деді баспасөз қызметінің өкілі.

Өртті жою, адамдарды эвакуациялау және тағы да басқа жедел шараларға 26 өрт сөндіруші мен арнайы 8 техника жұмылдырылды.