Оқиға Гроза көшесінде таңғы 10:30 шамаларында орын алған. Жүргізуші жүк көлігін игере алмай қалып, жол жиегінде тұрған "БМВ" көлігіне, одан кейін автобусқа соғылған. Кейін аударылып кетіп, сырғанаған күйі бағананы құлатады да екі жаяу жүргіншіні басып қалған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізді. Сонымен бірге автобустағы бес жолаушы зардып шеккен. ЖКО себептері анықталуда.