18 жасар қызды соңғы сапарға аттандыруға туыстары мен жолдас-жоралары келді. Барлығы да Кристинаның біржынысты некеге тұрғанын естігенде, сене алмаған. Ғаламтордағы үйлену тойларынан ілінген суретті көргенде, шалқаларынан түсіпті. Қалай дегенмен, барша жұртты абдыратып тастаған қос лесбидің махаббаты баянды болмады. Екеуі жиі сөз таластырып, төбелесуге дейін барған. Ақыры, шыдамы таусылған Кристина қашуға ұмтылғанда, Каролина оны сыбайластарымен қосылып өлтірді. Қандықол қалыңдық жұбайының денесін бөлшектеген, кейін алаңға апарып түгін қалдырмастай жағып жіберген. Тек, ДНК сараптамасы ғана, дене қалдықтарының Кристинаға тиесілі екенін растады.
Галина Чернышова, Кристинаның әжесі:
-Әлгі кексе қатын менің қызымнан 11 жасқа үлкен. Байғұстың басын айналдырды. Қанша рет қашып құтылмақ болғанымен, артынан іздеп тауып алатын. Ол қолын екінші мәрте қанға малып отыр екен. Сот қатаң жазаласа деймін.