Алматыда "Альфа-банкті" тонаушыларға үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Альфа-банкті" тонаушыларға үкім шығарылды

Алматыда "Альфа-банкті" тонаушыларға үкім шығарылды

Қылмыскерлер жеті жыл бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкінсіз қалады

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 211
Фото - Caravan.kz

 Алматыда "Альфа-банк" бөлімшесіне шабуыл жасаған қарақшылар жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Банк 27 маусымда тоналған. Тергеу деректері бойынша, күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 65 миллион 300 мың теңге тонап кеткен.

Кейінірек белгілі болғандай, тонаушылар – банктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Максим Бескишин мен Иван Жуков. Олар несие төлеу үшін банк тонауға барғандарын түсіндірді.

Сот оларды ҚР ҚК 191 бабы бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандықтарынан айырды әрі мүліктерін тәркілеген.


Бұдан бұрын мемлекеттік айыптау оларды сегіз жылға соттауды сұраған еді.

 

Соңғы жаңалықтар