Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысындағы қозғалыстың басымдығы өзгертілді - ІІД
Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысындағы қозғалыстың басымдығы өзгертілді , деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық жол полициясы басқармасына сілтеме жасап. |
"2008 жылдың 3 қазанынан бастап Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысындағы қозғалыстың басымдығы өзгертілді", -деп хабарлайды басқарма.
"Бұдан былай Әл-Фараби даңғылы бойынша батыс бағытта Навои көшесіне солға қарай, ал солтүстікке қарай Навои көшесінен солға Әл-Фараби даңғылына бұрылу негізгі жол болмақ", - деп хабарлайды басқармадағылар.
Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында ( Бағанашылға қарай айналғанда) "Жолақтар бойынша қозғалыс бағыты" деген белгі қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін