Жарияланды: 560

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады (толық нұсқасы)

Алматы. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Әл-Фараби даңғылының Бағанашыл ауылына айнала беріс бөлігінен Гагарин көшесіне дейінгі тұсы қазанның 23 мен 25 аралығында жабылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Гагарин көшесімен жоғары өрлей келе Әл-Фараби даңғылына (Навои көшесіне қарай) және Әл-Фараби даңғылынан Гагарин көшесіне қарай бұрылуға болады. Сондай-ақ, Бағанашыл ауылынан Әл-Фараби даңғылына қарай (Марков көшесіне қарай) және Әл-Фараби даңғылынан Бағанашыл ауылына қарай бұрылатын жол ашық болады. Алматы қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы жүргізушілерден "жүретін жолын алдын-ала түзетіп, аталған жабық бөлікті айналып өтуді" сұрайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін