Алматыда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех әшкереленді

Алматыда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех әшкереленді

Алматыда жасанды спирттік өнімдер шығаратын жасырын цех жабылды.

  • 17 Шiлде 2014
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Заңсыз өндірісті Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері анықтады. Олар Іргелі ауылында 350 бөтелке жалған вискиді бақылау ретінде сатып алған», деп ведомствоның бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

Цехтың өзі Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Онда 400 бөтелкеден астам арақ, 170 бөтелке конъяк, 10 бөтелке виски, 220 литр спирт, 1700 жалған есеп-бақылау маркасы, қақпақ жапқыш аппарат табылған.


Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.